Папа Франциск нәсілшіл шабуылдарды айыптады

Папа Франциск радикал оңшылдар қорлаған румын босқындарды Ватиканда қонақ етті.

1198572
Папа Франциск нәсілшіл шабуылдарды айыптады

Католик әлемінің рухани басшысы Папа Франциск Италияның бас қаласы Римде әлеуметтік баспана орталығына апарылған бір топ румын және заңсыз босқынға қарсы бірнеше күннен бері жасалған нәсілшіл шабуылдарға наразылық көрсетті.

Папа Франциск радикал оңшыл көзқарастағы топтар тарапынан нәсілшіл шабуылдарға ұшыраған румындарды Ватиканда қонақ қылды.

Осындағы діни рәсімде үн қатқан Папа «Сіздер үшін дұға етемін, сіздерге өзімді жақын деп сезінемін және газеттен жаман нәрсе оқыған кезде шынын айтқанда қайғырамын. Осы жаңалықтар мені қатты өкіндіруде. Бұл өркениет емес, өркениет сүйіспеншілік деген сөз» деді.

Румындарға бағыттап сөзбен қорлаған нәсілшіл шабуылдарда «екінші тап азамат» атауының қолданылуын сынға алған Папа «Екінші тап азамат деп адамдарды шеттеткендерге айтылады. Өйткені олар адамды қалай құшақтап, жұбатуды білмейді. Негізгі жол бауырластық және есігімізді баршаға ашық тұту жолы» деді.



Ұқсас жаңалықтар