Иранға жаңа санкция

АҚШ президенті Трамп Иранға санкция келтіретін президенттік қаулыға қол қойды.

1197861
Иранға жаңа санкция

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Иранға темір, болат, қалайы және алюминий секторына бағытталған санкция келтіретін президенттік қаулыға қол қойды.

Ақ Үй қаулы жөнінде жазбаша хабарлама жариялады.

Осыған орай АҚШ басшылығы Иранның темір, болат, алюминий және қалайы секторын нысанаға алған санкцияларды орындайды.

Трамп Иранның ядролық келісім шеңберінде террорлық ұйымдарға қолдау беруді жалғастырғанын,  зымыран жетілдіргенін және аймақтық қақтығыстарда рол ойнағанын алға тартты. «Біздің шешімдеріміздің нәтижесінде енді Иран әкімшілігі терроризмге қолдау беретін фонд табуды қиналуда,  экономикасы депрессияға кірді,  үкіметтің табыс көздері азайды және инфляция бақылаудан шықты» деді ол.
Трамп билігі 2018 жылдың 8 мамыр күні Иранмен 2015 жылы қол қойылған ядролық келісімнен шыққанын білдірген болатын.

Артынан Тегеран әкімшілігінің мұнай экспортын нысанаға алған санкцияларды жүзеге асырған Америка Құрама Штаттары өткен ай Иран Төңкеріс қорғаушыларын «шетелдік террорлық ұйым» тізіміне алды.



Ұқсас жаңалықтар