Германия Сириядағы шабуылдарды айыптады

Германия Сыртқы істер министрлігі Сирияның Идлиь қаласындағы соңғы шабуылдарды айыптады.

1197812
Германия Сириядағы шабуылдарды айыптады

Германия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Кристофер Бургер Сирияның солтүстік батысында мен Идлибте өткен айдан бастап қақтығыстардың қайтадан артуының уайымдарды арттырғанын, азаматтық инфрақұрылым мен денсаулық сақтау мекемелеріне бағытталған ауыр әуе шабуылдарын айыптағандарын атап көрсетті.

Бургер бас қала Берлинде болып өткен баспасөз жиналысында Сирия режимі мен одақтастарының Идлибке бағытталған соңғы шабуылдарымен байланысты мәлімдеме жасады.

«Сирияның солтүстік батысы мен Идлибте сәуір айының артынан қақтығыстардың асқынуы уайымдарды арттырды» деген Бургер азаматтық инфрақұрылым және денсаулық сақтау мекемелеріне бағыттап ауыр әуе шабуылдарын айыптағандарын білдірді.

Бургер шабуылдарда баррель бомбаларының да қолданылғанын атап көрсетті.

Барлық тараптардың дағдарысты азайту керектігін атап көрсеткен Бургер осында қыркүйек айында Сочиде келіскен Ресей мен Түркияның арнайы жауапкершілігі бар екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар