Макрон Ресейдің қалуын қалайды

Франция президенті Ресейдің Еуропа Кеңесінде қалуын қалайтынын айтты.

1196225
Макрон Ресейдің қалуын қалайды

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің Еуропа Кеңесінде қалуын қалайтынын айтты.

Макрон Елисей сарайында Еуропа Кеңесі Бас хатшысы Турбьерн Ягландпен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Еуропа Кеңесінің 70 жылдық мерейтойын атап өткенін еске салған Макрон: «Ресейдің Еуропа Кеңесінде қалуын тілейміз.  Еуропа Кеңесі және Ресейдің бірбірлеріне мұқтажы бар» деді.

Макрон Ресей мен кеңестің бірбірлеріне деген жауапкершіліктерін де орындауы керектігін айтты.

Ягланд та Еуропа Кеңесінің 70 жылдығына қуанышты екенін айтып,  кеңестің және Еуропа Адам құқықтары сотының аймақта маңызды рол ойнағанын білдірді.

2014 жылғы Қырым аннексиясына байланысты Еуропа Кеңесі Парламентар мәжілісіндегі орыс делегациясының дауыс беру құқығын алып тастаған болатын. Ресей Еуропа Кеңесіне 2016 жылдан бастап ұлттық делегациясын жолдамауға шешім берді.  Сонымен бірге кеңестің жылдық 33 миллион евролық бюджетіне үлесін төлеуден де бас тартты.

2017 жылдан бері бюджетке үлесін төлемеген Ресейдің Еуропа Кеңесі қағидасына сай ұйымның Министрлер комитеті тарапынан мүшеліктен шығарылуы мүмкіндігі де бар.



Ұқсас жаңалықтар