Шереметьево халықаралық әуежайында ұшақ апаты
Әуежайға қона салып құйрық бөлімі өртенген ұшақтағы 41 жолаушы қаза тапты.
Ресейдің Мәскеу қаласында әуежайға қонған кезде жолаушы ұшағы өртенді. Апатта 41 жолаушы қаза тапты.
Орыс баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда Мәскеу-Мурманск арасында ұшу үшін Шереметьево халықаралық әуежайынан көтерілген орыс Аэрофлот фирмасының «SSJ-100» типі жолаушы ұшағы қайтадан жедел түрде қону үшін әуежайға оралды.
Ұшақ әуежайға қонған кезде ұшақтың құйрығы өртене бастады. Жолаушылар әуежайдың ортасында тоқтаған ұшақтан эвакуацияланды.
Орыс TASS хабар агенттігіне қарағанда 73 жолаушы мен 5 экипаж мінген ұшақта 41 адам қаза тапты.
Апатпен байланысты тергеу ашылғаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.