Сәбилерге ең көп Мұхаммед есімі берілген
Берлинде былтыр дүниеге келген балаларға ең көп Мұхаммед есімі берілген.
Германияның бас қаласы Берлинде былтыр дүниеге келген балаларға ең көп Мұхаммед есімі берілген.
«Германия үшін Тіл қоғамы» тарапынан жүргізілген зерттеуге қарағанда, Берлинде 2018 жылы дүниеге келген 22 мың 177 ер баланың 280-іне Мұхаммед аты берілген. Қалада екінші кезекте қолданылған есім Луис. Ол 244 сәбиге берілген.
Мұхаммед Бремен қаласында да ең көп қолданылған есім болды.
Статистикалық деректерге қарағанда, Германия көлемінде ер балаларға былтыр ең көп берілген есім – Паул, қыздарға берілген есім - Мари.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.