Кушнер: Президент Трамп ғасырдың жобасын келесі ай жариялайды

Жаред Кушнер Израиль-Палестина бейбітшілік жоспары жайлы мәлімдеді.

1194269
Кушнер: Президент Трамп ғасырдың жобасын келесі ай жариялайды

АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы және тәжірибелі бас кеңесшісі Джаред Кушнер «ғасырдың жоспары» деп аталған Израиль-Палестина бейбітшілік жоспарының операциялық бір жоспар және саяси тақырыптар үшін жақсы бір бастама болатынын атап көрсетті.

Кушнер Вашингтон институтында қатысқан бір іс-шарада Трамп әкімшілігі келесі айдың ішінде жариялауды жоспарлаған Израиль-Палестина бейбітшілік жоспарына қатысты көзқарас бөлісті.

Трамп жариялайтын жоспарды «күрделі іс-шаралық құжат» деп бағалаған Кушнер «Біз ұсынған нәрсе - саяси тақырыптар үшін жақсы бір бастама. Кейін болса адамдардың одан жақсы өмір салтын қамтамасыз ету үшін не істеу керектігі аясында шешім іздеу» деді.

Джаред Кушнер Иерусалимнің Израильдің бас қаласы және Голан төбелерінің Израиль жері болып қабылдануы да «байқауға тиісті шындықтар» деді.

Жоспардың экономикалық тұғырының да салмақты болатынын атап көрсеткен Кушнер «Бір жақты қадам баспастан бұрын Израиль мен Палестинаның осыған көңіл бөлуін» тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар