БҰҰ ортақ платформа қалыптастыруды ұсынды

Педерсен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирия жөнінде брифинг берді.

1193195
БҰҰ ортақ платформа қалыптастыруды ұсынды

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Педерсен Сирия дағдарысында Женева процесіне қолдау беретін ортақ платформа қалыптастыруды ұсынды.

Педерсен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Сирия жөнінде брифинг берді.

Идлиб және төңірегінде соңғы апталарда артқан қақтығыстарда азаматтардың қаза табуына назар аударған Педерсен Идлиб келісімінің орындалуы жөнінде Астана кепілгерлерінің уәделерін ризашылықпен қабылдағанын айтты.

Педерсен сонымен бірге бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK-ның бақылауындағы Хасекедегі лагерьлердің жағдайының нашар екеніне назар аударды.

Арнайы өкіл сенімді,  теңгерімді атазаң комитеті қалыптастырылуы үшін жұмыстың жалғасып жатқанын,  көптеген тақырыпта көзқарас айырмашылығының жойылғанын білдірді. Ол Астана кепілгерлері – Түркия,  Ресей және Иранның өкілдерімен мамыр айында Женевада кездесетіндерін де атап өтті. «Қайтадан жанданған ауқымды халықаралық ынтымақтастық көргім келеді, Женева процесіне қолдау беретін ортақ платформа қалыптастыру қажет» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар