Иран АҚШ-ты қайтадан Ядролық қарулар келісімінен бастартумен қорқытты

Иран әкімшілігі АҚШ-тың санкциялары алдында Ядролық қарулардың алдын алу келісімінен шығулары мүмкін екенін жариялады.

1191916
Иран АҚШ-ты қайтадан Ядролық қарулар келісімінен бастартумен қорқытты

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады. Зариф «Ислам Республикасының көптеген ықтималы бар. Лауазымдыларымыз осы тақырыптар жайлы жұмыстануда... Және осы ықтималдардың бірі де Ядролық қарулардың алдын алу келісімінен шығу» деді.

АҚШ пен Иран арасындағы дағдарыс АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өткен жылы Иранмен жасалған халықаралық ядролық келісімнен бастартқаны жөніндегі мәлімдемесінің артынан күрделенді.

Сәуір айының басында Иран төңкеріс сарбаздарын террор ұйымы тізіміне алған АҚШ әкімшілігі Ираннан мұнай импорттаған елдерден сауданы доғаруын талап етті. Жағдай жалғасқан жағдайда өздеріне де мамыр айында санкция жасалатынын атап көрсетті.

Иран әкімшілігі Трамптың АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және Франция қол қойған Ядролық қарулардың алдын алу келісімін күшін жойған кезде Вашингтон әкімшілігін келісімнен бастартумен қорқытқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар