Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский Бодрумға келді

Украина президенті Владимир Зеленский Бодрумның Гуержинлік көшесіндегі бес жұлдызды қонақүйге орналасып, демалысын бастады.

1190817
Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский Бодрумға келді

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский сайлау жеңісінен кейін демалу мақсатымен Түркияның Мугла уәлаятының Бодрум ауданына келді.

Украинадағы президенттік сайлауды жеңіп алған Владимир Зеленский  Бодрумның Гуержинлік көшесіндегі бес жұлдызды қонақүйге орналасып, демалысын бастады.  

Украина президенті Зеленский түскен қонақүйдің алдында денсаулық тобы мен оққағарлар көлігінің күтіп тұрғаны байқалды. 

Зеленский әлеуметтік желідегі есебінен: «Ашық боламыз деп келістік.  Мінеки, Түркияға ұшып барамыз. Балаларды жылдық көңіл көтеру демалысына апара жатырмын» деп жазған еді. 

Соңғы төрт айдан бері тұңғыш рет демалатынын айтқан Зеленский Украинаға екі күннен кейін оралатынын да білдірді.

Украинадағы президенттік сайлаудың екінші турында Владимир Зеленский  73.22 пайыздық дауыспен жеңіске жеткен болатын. 



Ұқсас жаңалықтар