Дрон және ұшқышсыз ұшу аппараттарына тыйым салынды

Шри-Ланкада болған лаңкестіктерден кейін елде дрон және ұшқышсыз әуе аппараттарына тыйым салынды.

1189636
Дрон және ұшқышсыз ұшу аппараттарына тыйым салынды

Шри-Ланкада болған лаңкестіктерден кейін елде дрон және ұшқышсыз ұшу аппараттарына тыйым салынды.

Азаматтық Авиация басқармасы дрон және ұшқышсыз әуе аппараттарына салынған тыйым шешімінің «елдегі қауіпсіздік жағдайға орай» қабылданғанын білдірді.

Осы арада Шри-Ланка полициясы елде жарылғыш материал іздестіруін жалғастыруда. Бас қала Коломбоның 35 км шығысындағы бір қоқыста күдікті нәрсе жарылды.

Шри-Ланкада христиандар үшін маңызды Пасха мерекесі барысында бірнеше шіркеу мен қонақүйге шабуыл жасалып, 359 адам қаза тапқан болатын.

Лаңкестіктерді террорлық ұйым ДАИШ мойындады.



Ұқсас жаңалықтар