Ауғанстанда 3 ай ішінде 581 бейуаз азамат қаза тапты

Ауғанстанда 2019 жылдың алғашқы 3 айында түрліше оқиғалар себепті мың 192 кісінің жараланғаны, 581 бейуаз азаматтың қаза тапқаны білдірілді.

1189359
Ауғанстанда 3 ай ішінде 581 бейуаз азамат қаза тапты

Ауғанстанда 3 ай ішінде 581 бейуаз азамат қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстан Жәрдем ұйымы (UNAMA) 2019 жылдың алғашқы 3 айында 581 бейуаз азаматтың қаза тапқанын жариялады.

Ауғанстан Жәрдем ұйымынан жасалған мәлімдемеде 2019 жылдың алғашқы 3 айында түрліше оқиғалар себепті мың 192 кісінің жараланғаны, 581 бейуаз азаматтың қаза тапқаны білдіріліп, қаза болғандардан 150-інің бала екені жарияланды.

Мәлімдемеде азаматтық шығындардың 39 пайызына Талибанның, 12 пайызына террористтік ұйым ДАИШ-тың, 17 пайызына үкімет күштерінің, 13 пайызына елдегі шетелдік күштердің, қалғандарына өзге оппозициялық күштердің жауапкер екені білдірілді. 

Азаматтық шығындардың себебі қақтығыстар, бомбалы шабуылдар мен жанкешті шабуылдар екені атап көрсетілді. 

Өткен жылғы ұқсас мезгілде қарулы оқиғалар себепті 799 азамат қаза тапқан болатын.  



Ұқсас жаңалықтар