Украинада жеңімпаз - Зеленский

Зеленский 31 мамырға дейін ант ішіп, міндетін бастайды.

1188688
Украинада жеңімпаз - Зеленский

Украинада президенттік сайлаудың жеңімпазы – Владимир Зеленский.

Орталық сайлау комитеті елде өткізілген екінші тур сайлаудан кейін дауыс санауын аяқтады.

Комитеттің хабарламасына қарағанда,  шетелдегі дауыстармен бірге елдегі дауыстардың барлығы саналып бітті. Сайлауға сайлаушылардың 62,09 пайызы қатысты.

Санақ нәтижесінде кандидаттардың бірі,  шоумен Зеленский 73,22 пайыз дауыспен жеңіп шықты.

Зеленскийдің қарсыласы Порошенко болса дауыстардың 24,45 пайызын жинады.

Владимир Зеленскийдің 31 мамыр күніне дейін ант ішіп, міндетін бастауы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар