Түркияның қауіпсіздігіне қолдау береді

Макрон Сирия демократиялық күштері деген атты қолданған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның бір делегациясын қабылдады.

1186697
Түркияның қауіпсіздігіне қолдау береді

Франция президенті Эммануэль Макрон елінің Түркияның қауіпсіздігіне қолдау беретінін қайталады.

Елисей сарайының жазбаша хабарламасына қарағанда,  Макрон Сирия демократиялық күштері деген атты қолданған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның бір делегациясын қабылдады.

Макрон кездесуде елінің Сирияның солтүстік шығысының тұрақтылығына көңіл бөлетінін атап көрсетті.

Сириядағы бейбіт халықтың гуманитарлық мұқтаждықтарын қамдау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамдау үшін қаржылай көмек берілетінін білдірген Макрон айырықша Сирия халқының барлығына өкілдік жасайтын бір билік қажеттілігін атап айтты.

Президент Макрон кездесуде Францияның Түркияның қауіпсіздігін және Сирия мен Түркия шекарасындағы қақтығыстың азаюын қолдайтынын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар