Триполиге зымыран шабуылы жасалды

Ливияның бас қаласы Триполиді нысанаға алған шабуылда 6 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды.

1185151
Триполиге зымыран шабуылы жасалды

Триполидегі Әбу Селим муниципалитетінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Әбу Селим аймағын нысанаға алған зымыран шабуылында 5 әйел, барлығы 6 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды.

Ливия Ұлттық келіссөз үкіметі премьер-министрлік кеңесі басшысы Файиз эс-Серрадж зымыран шабуылы нысанаға алған аймаққа барды.

Осында жасаған мәлімдемеде алғаш рет генерал Хафтерді «соғыс қылмыскері» деп атаған Серрадж Хафтер күштері жасаған қылмыстар үшін Халықаралық қылмыстық сотқа шағымданатындарын атап көрсетті.

Ливиядағы «Ахрар» телеарнасының хабарына қарағанда Ұлттық Келіссөз Үкіметі мәлімдемешісі Мұханнед Юнус Хафтерге қарасты күштерді Триполиді бомбалаумен айыптады.

Юнус «Хафтердің жазықсыз адамдарды бомбалауы соғыс майдандарындағы бейшаралықтың көрінісі» деді.

Басқа жағынан Хафтер күштері де ұқсас бір қылмыспен Ұлттық Келіссөз Үкіметін айыптады.

Ливияның шығысындағы әскери күштердің басшысы Халифа Хафтер бас қала Триполиді бақылауға алу үшін 4 сәуір күні шабуылды бастау бұйрығын берді. Шабуылдың артынан Ұлттық келіссөз үкіметі күштері ауқымды бір операция бастаған еді.

Әлем денсаулық сақтау ұйымы Ливияда 12 күн бойынша жалғасқан қақтығыстарда 174 адамның қаза тапқанын, 756 адамның жарақат алғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар