Сирияда террор ұйымы Еркін Сирия армиясына шабуылдады

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мен Еркін Сирия армиясы Телль-Рыфатта қақтығысты.

1184895
Сирияда террор ұйымы Еркін Сирия армиясына шабуылдады

Сирияда Еркін Сирия армиясымен майдан желісіне жасырын кіруге әрекет жасаған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK арасында қақтығыс шықты.

Елдің солтүстігінде оппозиционерлердің бақылауындағы Маре ауданының оңтүстік батысында қоныстанған YPG/PKK мүшесі террористтер майдан желілерінен Еркін сирия армиясының бақылауы астындағы алаңға кіруге әрекет жасады.

Еркін Сирия армиясының қарсы шабуылымен басталған қақтығыс түнімен жалғасты.

YPG/PKK террор ұйымы 3 жылдан бері басып алған Телль-Рыфат Азез, Әл-Баб, Джераблус, Маре және Африн аудандарында жиі шабуылдар ұйымдастыруда.



Ұқсас жаңалықтар