АҚШ-тағы дауылды боранда 8 кісі қаза тапты

Жексенбі күні Огайо штатында ұйтқыған дауылды боран дүйсенбі күні Нью-Джерси штатына беталып, нөсерлі жаңбыр, жел және құйынмен тоғысты.

1184308
АҚШ-тағы дауылды боранда 8 кісі қаза тапты
abd firtina2.jpeg
abd firtina1.jpeg

Америка Құрама Штаттарының орта батыс және орта-Тынық мұхиты аймақтарында ықпалды болған дауылды боранда кемінде 8 адам қаза тапқан.

Күшті соққан дауылды боран аймақты соғыс майданына айналдырған, көптеген үй мен жұмыс орындары зақымдалған.

Жексенбі күні Огайо штатында ұйтқыған дауылды боран дүйсенбі күні Нью-Джерси штатына беталып, нөсерлі жаңбыр, жел және құйынмен тоғысты.

Ұлттық Метеорология кеңсесі Огайо штатының Шельби қаласында құйынның күшті соққанын, алайда, жан шығыны болмағанын білдірді.

Лауазымдылар үйлер мен жұмыс орындарының зақымдалғанын, 6 адамның жараланғанын жеткізді.

Дауылды боранның Нью-Джерси шатында 20 мың отбасында электрдің тоқтауына себеп болғаны, алайда, қызметкерлердің қысқа уақытта жөндеу жұмысын жүргізгені білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар