Ливияда бір соғыс ұшағы құлатылды

Ливияда 10 күннен бері жалғасқан қақтығыстарда қаза тапқан адам саны 121-ге, жарақат алған адам саны 561-ге ұласты.

1183094
Ливияда бір соғыс ұшағы құлатылды

Ливияда бір соғыс ұшағы құлатылды.

Ливияда Ұлттық келісім үкіметіне қарасты күштері астана Триполидің оңтүстігінде Генерал Халифа Хафтерге қарасты бір соғыс ұшағын құлатқанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Триполидің оңтүстігінде орын алған Асвани аймағында Хафтерге қарасты 25 адамнан құралған қарулы жасақ 10 әскери көліктері және жабдықтарымен бізге бойсұнды» деген сөздерге орын берілді.

Ливияда Ұлттық келісім үкіметінің жүргізген «Burkan el-Gadab» атты операциясына тиесілі әлеуметтік желіден жасалған мәлімдемеде Ливияда Ұлттық келісім үкімет күштерінің Триполидің оңтүстігінде Вади әр-Раби аймағында Генерал Халифа Хафтерге қарасты бір соғыс ұшағын құлатқаны білдірілді.

Әлем Денсаулық сақтау ұйымы Ливияда 10 күннен бері жалғасқан қақтығыстарда қаза тапқан адам санының 121-ге, жарақат алған адам санының 561-ге ұласқанын жариялаған еді.

Дағдарыстың  2011 жылынан бері жалғасқан Ливияда халықаралық мойындаған Ұлттық келісім үкіметі жасақтары мен Хафтерге қарасты жасақтары арасында қақтығыстар болуда.



Ұқсас жаңалықтар