Су тасқыны себеті 3 мың жанұя қауіпсіз аймаққа апарылды

Иракта нөсер жауын салдарынан үйлерін су басып алған 3 мың жанұя қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.

1182976
Су тасқыны себеті 3 мың жанұя қауіпсіз аймаққа апарылды

Ирактың оңтүстігіндегі Мейсан уәлаяты полицияcынан жүзбасы Керим әл-Эсади соңғы екі аптадан бері нөсер жауынның салдарынан Тигр өзені жағалауындағы кейбір аймақтардың су астында қалғанын атап көрсетті.

Эсади Мейсандағы су тасқынында 3 мың жанұяның қорғаныс топтары тарапынан үйлерінен шығарылып, қауіпсіз аймақтарға апарылғандарын білдірді.

Бағдат әкімшілігі 1 сәуір күні нөсер жауын салдарынан су тасқыны қаупіне қарсы Тигр өзені өткен Бағдат, Дияла, Мосул және Васит уәлаяты тұрғындарына ескерту жасаған еді.

Ирактың әсіресе солтүстігіндегі аймақтарындағы үздіксіз жауында көптеген бөгет, ұзақ уақыттан бері алғаш рет толып, бөгет қақпалары ашылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар