Непалда ұшақ апаты

Тензинг-Хиллари әуежайында шағын моторлы ұшақ көтерілу барысында тікұшаққа соқтығысты.

1182865
Непалда ұшақ апаты

Непалдың Эверест тауы маңындағы Лукла ауданындағы Тензинг-Хиллари әуежайында туристтер мінген шағын моторлы ұшақ көтерілген кезде аялдаған бір тікұшаққа соқтығысып оқиғада 3 адам қаза тапты, 4 турист жарақат алды.

Непал авиация лауазымдылары Лукладан бас қала Катмандуға бару мақсатты Тензинг-Хиллари әуежайынан ұшуға дайындалған «Summit Air» фирмасының шағым моторлы ұшағының әуежайда аялдаған «Manang Air» фирмасына тиесілі тікұшаққа соқтығысқанын білдірді.

Лауазымдылар апат кезінде ұшқыш пен қасындағы екі полиция қызметкерінің қаза тапқанын және айналадағы 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Жаралылардың тікұшақтармен Катмандуға жіберілгені, туристтер мінген ұшақтағы 4 жолаушы мен бір стюардессаның апаттан жарақат алмай құтылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар