Сауд Арабиясы мен Бахрейнді айыптады

Ирандық лауазым иесі осы екі елді терроризмге қолдау беріп отыр деп айыптады.

1180736
Сауд Арабиясы мен Бахрейнді айыптады

Иран Америка Құрама Штаттарының Төңкеріс қорғаушыларын террористтік тізімге енгізу шешіміне қолдау берген Сауд Арабиясы мен Бахрейнді айыптады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бехрам Касыми жазбаша хабарлама жариялап: «Кейбір аймақ елдері көздері мен құлақтарын тарс жауып,  аймақ тысындағы күштердің айтқандарына бағынуда» деді.

Касыми АҚШ-тың шешіміне қолдау берген Сауд Арабиясы мен Бахрейнді «аймақтың шындықтарын түсінбейді» деп айыптады. «Бұл екі елдің ұстанымы Америка Құрама Штаттарының стратегиялық қатесінің аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздігіне бағытталғанынан бейхабар екенін көрсетеді» деді ол.

Ирандық лауазым иесі осы екі елді терроризмге қолдау беріп отыр деп айыптады.

АҚШ президенті Дональд Трамп алдынғы күні Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясын АҚШ-тың «шетелдік террорлық ұйым тізіміне» енгізілгенін хабарлап еді.

Иран Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесі де осыған жауап ретінде АҚШ Орталық Күштер қолбасшылығын террорлық ұйым тізіміне алғанын білдірді.

Сауд Арабиясы мен Бахрейн де Америка Құрама Штаттарының шешіміне қолдау көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар