Екінші турда Зеленский мен Порошенко жарысады
Екінші турға шоумен Владимир Зеленский мен қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенко өтті
Екінші турда Зеленский мен Порошенко жарысады.
Украинаның Орталық сайлау комиссиясы өткен апта аяғында мемлекетте өткізілген президенттік сайлауындағы дауыс санау жұмыстарын тамамдады. Екінші турға шоумен Владимир Зеленский мен қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенко өтті
Есептеулерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр. Оған сайлаушылардың 30,24% дауыс берген. Петр Порошенко 15,95% дауыс жинады. Юлия Тимошенконы электораттың 13,40%, Юрий Бойконы - 11,67%, Анатолий Гриценконы - 6,91% сайлаушы қолдады.
Еске салайық, 31 наурыз күні Украинада президент сайлауының бірінші туры өтті.
Украина Орталық сайлау комиссиясы Владимир Зеленский мен Петр Порошенконың 21 сәуірде екінші турда жарысатынын жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.