НАТО Сыртқы істер министрлері Вашингтонда бас қосады

НАТО-ға мүше 29 елдің Сыртқы істер министрлері 3-4 сәуір күндері Вашингтон қаласында бас қосады.

1175113
НАТО Сыртқы істер министрлері Вашингтонда бас қосады

НАТО-ға мүше 29 елдің Сыртқы істер министрлері одақтың 70 жылдығын тойлау мақсатымен 3-4 сәуір күндері арасында Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтон қаласында бас қосады.

Сыртқы істер министрлері Ресей, Ауғанстан, террормен күрес және қиыншылықтарды бөлісу тақырыптарын талқылайды.

Жиналысқа байланысты мәлімет берген НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Сыртқы істер министрлері бірінші күні АҚШ Конгресінде ұйымдастырылатын отырысқа қатысатынын , өзінің осы отырыста одақ атынан баяндама жасайтынын жеткізді. 

Одақтың сәрсенбі күні кеште 1949 жылы Солтсүтік Атлантика келісіміне қол қойылған Mellon Auditorium-да  бас қосатынын білдірген Столтенберг мұның "70 жылдан бері жалғасып келе жатқан бейбітшіілк пен байлықты" құттықтау үшін тамаша орай екенін айтты.  

Ресейдің Орта қашықтыққа атылатын Ядролық күштер келісіміне қайшылық жасауды жалғастырғанына тоқталған Столтенберг:

"Ресей келісім жауапкерлігін орындауына байланысты ескертулерімізді тыңдамай отыр. Уақыт тығыз, сондықтан НАТО-ның басатын қадамдарын талқылаймыз" деп баса көрсетті. 

Столтенберг одақтың Грузия мен Украинаға қолдауды арттыруын күткенін білдірді.

Столтенберг Ауғанстандағы жағдайды қолға алынатынын айтты және НАТО-ның террористтік ұйым ДАИШ-пен күресте ортақ екенін дәріптеп, Иракта білім беру мақсатымен террор ұйымының қайта кіруін тосу мақсатымен жұмыстанғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар