Ауғанстандағы су тасқынында 15 адам қаза тапты

Ауғанстанның батыс уәлаяттарындағы су тасқынында 15 адам қаза тапты.

1173813
Ауғанстандағы су тасқынында 15 адам қаза тапты

Ауғанстан батыс уәлаяттарынан Герат пен Бағдисте нөсер жауын салдарынан болған су тасқынында 15 адам қаза тапты.

Герат губернаторлығы мәлімдемешісі Джейлани Фархад жасаған мәлімдемеде өлімдерге Герат бойынша бірнеше күннен бері үздіксіз жалғасқан нөсер жауындардың себеп болғанын атап көрсетті.

Су тасқынында 8 адамның қаза тапқанын жеткізген Фархад 9 адамның да жарақат алғанын жеткізді.

Фархад сондай-ақ су тасқындары себепті жүздеген жануардың қырылғанын және мыңнан астам үйдің қирағанын атап көрсетті.

Басқа жағынан Багдис губернаторлығы мәлімдемешісі Джемшид Шахаби болса Багдистің Кадс, Джевад және Бала Мургаб аудандарында су тасқыны салдарынан 7 адамның қаза тапқанын білдірді.

Су тасқыны себепті 5 адамның жарақат алғанын тілге тиек еткен Шахаби 2 адамның да жоғалғанын атап көрсетті.

Елдің солтүстігіндегі Фарияб пен Белх уәлаяттарында болса бір күн бұрынғы су тасқынында 9 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар