Францияда Youtube ve Facebook интернет парақшалары жайлы қылмыстық іс қозғалды

Франция Ислам Кеңесі Жаңа Зеландиядағы лаңкестіктердің көріністерін жариялағаны себепті әлеуметтік желілер жайлы қылмыстық іс қозғады.

1170414
Францияда Youtube ve Facebook интернет парақшалары жайлы қылмыстық іс қозғалды

Францияда мұсылмандардың қарашаңырағы Франция Ислам Кеңесі (CFCM) Жаңа Зеландияда 15 наурызда екі мешітті нысанаға алған террорлық шабуылдардың көріністерін жариялағаны себепті Youtube ve Facebook интернет парақшалары жайлы қылмыстық іс қозғады. 

Франция баспаөзінде шыққан хабарларға қарағанда CFCM Жаңа Зеландияның Крайстчреч қаласында 15 наурызда екі мешітті нысанаға алған террорлық шабуылдарға байланысты жарияланған күш қолдануды қамтыған көріністерді террорға шабыттандырады деген себеппен Youtube ve Facebook интернет парақшалары жайлы Париж Прокуратурасына қылмыстық іс қозғағаны білдірілді.

Крайстчреч қаласында Аль Нұр және Линуорд мешіттеріне  15 наурызда жасалған шабуылда 50 кісі қаза тапқан, 50 кісі де жараланған болатын.

Террористік шабуыл кезінде камераға түсірілген 17 минуттық көрініс  әлеуметтік ақпаратта жиі бөлісілген, артынан өшірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар