Автсралияның нәсілшіл сенаторына наразылықтар артты

Австралия премьер-министрі нәсілшіл сенатор Фрасер Эннигті 18 жастан кішкентай бір жасты ұрғаны үшін сотқа беру керектігін атап айтты.

1165370
Автсралияның нәсілшіл сенаторына наразылықтар артты

Австралия премьер-министрі Скот Моррисон Жаңа Зеландияда екі бөлек мешітке жасалған террор шабуылының артынан мұсылмандарды нысанаға алған мәлімдемелерімен наразылық туғызған және протест мақсатты жұмыртқа лақтырған жасты жұдырықтаған тәуелсіз сенатор Фрасер Эннигті сотқа беру керектігін атап айтты.

Австралия баспасөзіндегі хабарға қарағанда Моррисон журналисттерге жасаған мәлімдемеде «Заңдардың сенатор Эннингге қарсы іске қосылуы және Эннингтің жасқа ұрғаны үшін айыпталу керектігін» білдірді.

Терроризмді заңды көрсетуге тырысқан нәсілшіл мәлімдемелері себепті сынға алынған сенатор Эннингке сенбі күні Мельбурн қаласында қоғамға ашық алаң болып өткен іс-шара кезінде протест еткен бір жас жұмыртқа тастаған болатын.

Баспасөз мүшелерімен әңгімелескен кезде басына жұмыртқа тиген Эннинг 18 жастан кішкентай екені болжалған жасты жұлырықтап, Эннингтің жақтастары болса жасты жерге құлатып соққыға жыққан болатын.

Полиция түсініктеме алған жас кейін босатылды. Оқиғамен байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

Басқа жағынан жергілікті баспасөзге қарағанда Сиднейде өмір сүрген Кейт Ахмед пен мельбурндық жазушы Харрис Сұлтан әлеуметтік медиада Эннингтің парламенттен шығарылуы талабымен қол қою акциясы бастады.

Өтініштерге алғашқы 18 сағаттың ішінде 250 мыңнан астам адам қол қойды, акцияға қолдау бергендер саны болса 1 миллионнан асты.



Ұқсас жаңалықтар