Мостар көпірі мешіт құрбандарын еске алу үшін жарықтандырылды

Мостар көпірі Жаңа Зеландияда жасалған опасыз террор шабуылы құрбандарын еске алу үшін жарықтандырылды.

1164918
Мостар көпірі мешіт құрбандарын еске алу үшін жарықтандырылды

Босния-Герцеговинаның ең маңызды символдарының бірі тарихи Мостар көпірі Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған опасыз террор шабуылының құрбандарын еске алу үшін жарықтандырылды.

БҰҰ Оқу, ғылым және Мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның тарихи мұрасы тізіміндегі Мостар көпірі Бейбітшілік және мәдениеттер арасы ынтымақтастық орталығының тапсырмасымен Жаңа Зеландия байрағының түстерімен безендірілді.

Бейбітшілік және мәдениеттер арасы ынтымақтастық орталығы атқару кеңесі төрағасы Алия Бехрам Жаңа Зеландияның Крайсчерчтегі (Christchurch) Аль-Нур және Линвуд мешіттерінде жұма намазы оқыған кезде жасалған террор шабуылының бүкіл әлемді дүр сілкіндіргенін атап көрсетті.

Көпірді опасыз лаңкестік шабуылды айыптағандарын ашық түрде көрсету және құрбандарды еске алу үшін жарықтандырылғанын тілге тиек еткен Бехрам құрбандардың туыс-тамырларымен ынтымақтастық жасағандарын атап көрсетті.

Жаңа Зеландияның Крайсчерч қаласында жұма намазы кезінде 10 минут үзіліспен екі мешітке жасалған опасыз террор шабуылында 50 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар