Бес ел азаматтары үшін э-виза басталады

Пәкістандағы э-визадан түрік азаматтары да пайдаланады.

1162628
Бес ел азаматтары үшін э-виза басталады

Пәкістан Информация және басылым министрі Фавад Чаудри арасында Түркия да бар бес ел азаматтары үшін э-виза режимін бастайтындарын айтты.

Анадолы агенттігінің Исламабад кеңсесінің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Чаудри Пәкістанның жаңа виза саясаты шеңберінде алдымен бес ел азаматтары үшін э-виза, артынан қақпада виза режимін бастайтындарын білдірді.

Осы бес ел қатарында Түркия мен Ұлыбритания да бар.  Бес ел азаматтары интернет арқылы виза алып,  Пәкістанға саяхаттай алады.

«Премьер-министр Имран Хан 14 наурыз күні жаңа виза режимі жөнінде жобаны жариялайды» деді министр.

Түркияның Пәкістандағы өкілетті және төтенше елшісі Ихсан Мұстафа Юрдакул болса э-визаның түрік іскерлерінің Пәкістанға деген ықыласын арттыратынын айтып: «Түрік инвестор және іскерлер Пәкістанға қызығады.  Э-виза арқылы бұл арта түседі. Пәкістан – тамаша ел,  тұрғындары қонақжай, көруге тұратын көптеген табиғи сұлулығы бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар