Венесуэлада Хуан Гуаидо жайлы тергеу ашылды

Бас прокурор елдің шығысындағы гидроэлектр станциясындағы кемшілікке қатысы бар екені алға тартылған Хуан Гуаидо жайлы тергеу ашты.

1162259
Венесуэлада Хуан Гуаидо жайлы тергеу ашылды

Венесуэлада бас прокуратура қаңтар айында өзін уақытша мемлекет басшысы ретінде жариялаған Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидоны саботажбен айыптауда.

Бас прокурор Тарек Сааб 7 наурыз күні елдің шығысындағы Симон Боливар атты гидроэлектр станциясындағы жағдай мен кейін электр жүйесінің бұзылып өшуінде рөлі болғаны алға тартылған Хуан Гуаидоға тергеу ашты.

Елдің үлкен бөлігіне электр қамтамасыз еткен және «Гури» деген атпен де аталған гидроэлектр станциясында бейсенбі күнгі оқиға себепті 23 штаттың 22-сінде электр жүйесі бұзылған болатын.

Ұлттық электр фирмасы «Corpoelec» гидроэлектр станциясына «саботаж» жасалғанын алға тартқан еді. Президент Николас Мадуро елдегі электр күші кемшілігімен байланысты АҚШ әкімшілігін айыптаған болатын.

Мадуро үкіметі гидроэлектр станциясына шабуыл жасалғанын және елдің осы шабуылдың артынан электрсіз қалғанын жариялады.

Оппозиционерлер болса электр жүйесінің бұзылуының жаңартылмаған инфрақұрылым себепті пайда болғанын алға тартып, Николас Мадуро үкіметін айыптаған болатын.

Басқа жағынан Венесуэла Сыртқы істер министрі Жорге Арреаза кеше кешкі уақытта АҚШ-тық дипломаттардың елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін атап «АҚШ дипломатиялық қызметкері алдағы 72 сағаттың ішінде Венесуэладан кету керек» деді.

Арреза АҚШ әкімшілігінің Венесуэла әкімшілігімен қайтадан дипломатиялық байланыс құрғысы келсе, мұны тек қана БҰҰ арқылы жасай алатынын да тілге тиек етті.

Венесуэлада көпшілігі оппозицияның бақылауында болған Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо қаңтар айында  өзін «уақытша мемлекет басшысы ретінде жариялады» және АҚШ-тан бастап, Австралия, Канада, Колумбия, Перу, Эквадор, Парагвай, Бразилия, Чили, Панама, Аргентина, Коста Рика және Гватемала сияқты елдер тарапынан танылды. Еуропа парламенті де осы бағытта шешім қабылдады.

Түркия, Мексика, Ресей, Иран, Куба, Қытай және Боливия болса Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметін қолдағандарын жариялады. Мадуро болса жаңалықтардың артынан АҚШ-пен дипломатиялық және саяси қарым-қатынастарды үзгенін, бірақ сауда ынтымақтастығының жалғасатынын білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп да жаңалықтардың артынан Венесуэлаға әскер жіберуді ықтималдардың бірі ретінде ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар