Кашмирдегі дағдарыс аймағында өмір сүрген жанұялар эвакуацияланды

Пәкістан мен Үндістан арасында дағдарысқа орай Кашмир бақылау желісі төңірегіндегі жазықсыз жанұялар қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.

1156494
Кашмирдегі дағдарыс аймағында өмір сүрген жанұялар эвакуацияланды

Пәкістан мен Үндістан арасында дағдарысқа орай Кашмир бақылау желісі төңірегіндегі жазықсыз жанұялар қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.

Кашмирді екіге бөлген Бақылау желісінің Пәкістан жеріндегі Азад Кашмир аймағында 200-ге жуық жанұя қақтығыс желісіндегі үйлерінен эвакуацияланып, үкіметтің құрған үш бөлек баспанасына орналастырылды.

Пәкістан үкіметі лауазымдысы Муаззам Зафер тығыз әуе шабуылдары және зеңбірек пен пулемет шабуылы қаупіне душар жанұялардың 3 баспана ғимаратында жиналғанын, жанұяларға осында баспана мүмкіншілігіне қоса қиім, азық-түлік және дәрі-дермек жәрдемі қамтамасыз еткенін білдірді.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы дағдарыс Кашмирдің Үндістандағы әкімшілігінде 14 ақпан күні полиция күштеріне қарасты қарулы топқа жасалған және 44 адам қаза тапқан бомбалы шабуылмен басталды.

Жаңа Дели әкімшілігі Пәкістанды шабуылды жасаған террористтерге қолдау берумен айыптады. Шабуылды айыптаған Пәкістан болса айыптауларды мойындамауда.

Үндістан 26 ақпан күні Кашмир шекара бақылау желісінің Пәкістан жеріндегі террор нысаналарына әуе шабуылы жасағанын жариялады. Пәкістан болса әуе кеңістігін бұзып кірген Үндістанға тиесілі 2 соғыс ұшағын құлатқанын білдірді.

Үндістан Пәкістанға тиесілі бір соғыс ұшағын құлатқанын жариялады, бірақ Исламабад әкімшілігі осыны растамады.

Пәкістан үкіметі мен армиясы дағдарыстың күрделенуін қаламағандарын атап жатса, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Пәкістанды елін тұрақсыздандыруға тырысумен айыптады.

Түркия, Еуроодақ, Германия, Ұлыбритания, Қытай және Ресей тараптарды тыныштық сақтап келіссөзге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар