Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты
Конго Демократиялық Республикасында Эбола ауруы салдарынан көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты.
1156254
![Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/3e3d/3a0d/7722/5c0781238e6ba.jpg?time=1718413415)
Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты.
Конго Демократиялық Республикасында шілде аяғында басталған және ел тарихының ең қауіпті жұқпалы Эбола ауруында көз жұмғандардың саны 496-ға ұласты.
Денсаулық сақтау министрлігінің санақтарына қарағанда Эбола ауруы Солтүстік Киви провинциясында басталып, Итури провинциясына тарады. Эболамен науқастанған адам саны 894-ке шықты.
Эбола ауруы салдарынан 496 адам көз жұмды, 31 адам емделіп жатыр.
Вирус шұққан 302 адам болса әбден сауығып кетті.
Эбола вирусы 2013 жылы желтоқсан айында Батыс Африкада тараған болатын.