Үндістанда шыққан өртте 300 көлік өртеніп кетті
Өрттің басқаруға алынғанын жеткізген Редди суыту жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді
1151172
![Үндістанда шыққан өртте 300 көлік өртеніп кетті](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/b409/2742/a109/5c71422f3d6c8.jpg?time=1718780466)
Үндістанның Бангалоре қаласындағы бір автопаркте шыққан өртте 300 көлік өртеніп кетті.
‘Aero India Show’ концерті болып жатқан алаңдағы автопаркте өрт шықты.
Өрт және Шұғыл жағдайлар Кеңсесінің басшысы МН Редди өрт апаты себепті 300 көліктің өртеніп кеткенін айтты.
Өрттің басқаруға алынғанын жеткізген Редди суыту жұмыстарының әлі де жалғасып жатқанын білдірді.
Өрттің шөбі қурап кеткен аймақта шыққанын, желдің желпуімен көліктер тұрған жерге жайылғанын білдірген Редди өрт апатында қаза тапқан және жараланған адам болмағанын айтты.