"Huawei қолданғандармен серіктес болмаймыз"

Помпео  Huawei технологиясын қолданған ешбір елмен ынтымақтастық жасамайтынын айтты.

1150443
"Huawei қолданғандармен серіктес болмаймыз"

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайдың технология алпауыты Huawei-дің жұмыс істеуіне рұқсат берген ешбір елмен серіктестік құрмайтындарын жариялады.

Помпео Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде жиі айтқан сөздерін қайталап,  Америка Құрама Штаттарының  Huawei технологиясын қолданған ешбір елмен ынтымақтастық жасамайтынын айтты.

Америка Еуропа елдерінің «Huawei тыйымдарын кері ал» шақыруын тыңдамай отыр.

«Huawei технологиясын қолданудың компьютерлік технологияны қалай қауіпке ұшыратқанын және тыйымдардың оларды қалай қорғағанын барған елдерімде айтып жүрмін. Біз АҚШ мәліметтеріне риск төндірмейміз» деді Помпео.



Ұқсас жаңалықтар