Украина 2019 жылы үшін 4 ауқымды жаттығу жоспарлауда

Украина қорғаныс министрлігі «Buk-M1» және «S-300P» зымырандарын қолданатынын жариялады.

1142215
Украина 2019 жылы үшін 4 ауқымды жаттығу жоспарлауда

Украина Қорағаныс министрлігі осы айдың ішінде Қырым маңында әскери жаттығу жүргізеді.

Министрліктің баспасөз офисінен жасалған мәлімдемеде «2019 жылы жалпы 4 әскери жаттығу жоспарланған. Алғашқысы ақпан айында Қырым маңындағы Херсон аймағындағы ягорлик полигонында, ұшақ қағар зымырандарын сынақтан өткізумен басталмақ» делінді.

Украина Зымыран қағар одағы төрағасы Юрий Ставский болса «Бар назарымыз жаттығуларға ауады. Осы жылы жоспарлаған жаттығулар өткен жылы болып өткен әскери жаттығудан ауқымды жүзеге асады. Осында «Buk-M1» және «S-300P» зымырандарын қолдану туралы айтқымыз келеді. Толығымен бір соғыс жағдайы сценарийі аясында өткізбекпіз. Мақсатымыз осы» деді.

Ресей 25 қараша күні рұқсатсыз түрде су айдынына кірумен айыптаған Украина кемелеріне шабуылдаған және Украина кемесін кепілдікке алған болатын. Киев әкімшілігі 6 украин әскерінің орыстар атқан оқтың салдарынан жарақат алғанын мәлімдеген болатын.

Осы оқиғада екі ел бірін-бір айыптаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар