Араб елдерінің тұңғыш әйел Ішкі істер министрі міндетін бастады

Рая Хаффар әл Хасан міндетін бастады.

1140270
Араб елдерінің тұңғыш әйел Ішкі істер министрі міндетін бастады

Ливанда Ішкі істер министрлігіне алғаш рет бір әйел тағайындалды.  Рая Хаффар әл Хасан міндетін бастады.

Премьер-министр Саад Харири басшылығында өткен апта құрылған жаңа кабинетте орын алған 4 әйел министрдің бірі Рая Хасан болды.

Хариридің партиясы Мұстакбел қозғалысының мүшесі Хасан араб елдерінде ішкі істер министрлігі міндетіне тағайындалған тұңғыш әйел ретінде тарихта қалады.

Министр Хасан Бейруттағы министрлік ғимаратында міндетін Нихад Мешнуктан қабылдап алды.

Рая Хасан осында сөйлеген сөзінде өзін қиын міндет күтіп тұрғанына назар аударды. «Қиын міндетті қабылдап алып тұрмын.  Себебі құқықты күшіне енгізетін Ішкі істер министрлігін қабылдаудамын» деді ол.

Рая Хасан 2009 жылы Харири құрған үкіметте Қаржы министрі қызметін атқарған болатын. 1967 жылы туған Хасанның отбасы және 3 баласы бар.



Ұқсас жаңалықтар