"Жерімізді шабуыл үшін қолдануға жол бермейміз"

Ирак премьер-министрі Дональд Трамптан сөздерін кері алуын талап етті.

1139483
"Жерімізді шабуыл үшін қолдануға жол бермейміз"

Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехди өз жерлерін басқа елдерге шабуылдау үшін қолданылуын қабылдамайтындарын білдірді.

Абдулмехди Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптан да осындай сөздерін кері алуын талап етті.

Ол бас қала Бағдатта өткен апталық баспасөз брифингінде Трамптың сөздеріне бағыттап: «Жеріміздің ешбір ел тарапынан басқа бір елге шабуылдау үшін қолданылуын қабылдамаймыз» деді.

Иракта Америка Құрама Штаттарының әскери базасының жоқтығын айтқан премьер-министр ирактық әскерлерді дайындау үшін тек АҚШ кеңесшілерінің бар екенін білдірді.

Дональд Трамп жексенбі күні бір телеарнаға жасаған мәлімдемесінде елінің ИрактағыАйнүл Есед базасына өте көп ақша жұмсағанын білдіріп: «Ирактағы базаны қорғап қалудағы себептерімнің бірі – Иранды қадағалау, себебі Иран-нағыз проблема» деген болатын.

Америка Құрама Штаттары 2003 жылы Иракты басып алып, 166 мың әскерімен 2011 жылдың желтоқсан айына дейін сол елде болды.  Осы кезден кейін бұрынғы президенті Барак Обаманың бұйрығымен барлық әскерлерін әкеткен еді.

Алайда ДАИШ террорлық ұйымының 2014 жылы ортаға шығуымен сол кездегі Ирак премьер-министрі Маликидің шақыруымен Америка Құрама Штаттары Иракқа қайта әскер жолдаған болатын.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің соңғы деректеріне қарағанда, екі ел арасында 2014 жылы қол қойылған әскери стратегиялық келісімге сай Иракта 5 мыңдай АҚШ әскері бар.



Ұқсас жаңалықтар