БҰҰ Венесуэла мәселесінде бейтарап болады

Гүтерреш Венесуэладағы дағдарысқа саяси шешім табу тақырыбында ешқандай топтың қасында орын алмайтындарын айтты.

1138757
БҰҰ Венесуэла мәселесінде бейтарап болады

БҰҰ Венесуэла мәселесінде бейтарап болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гүтерреш Венесуэладағы дағдарысқа саяси шешім табу тақырыбында ешқандай топтың қасында орын алмайтындарын айтты.

Гутерреш БҰҰ орталығында журналисттерге жасаған мәлімдемесінде Венесуэладағы дағдарысқа қатты алаңдағанын айтты.

Қатысты елдермен түрлі кездесулер өткізгенін баяндаған Гутерреш «БҰҰ Венесуэлада дағдарысқа шешім табу тақырыбында ешбір топтың қасында болмаймыз» деді.

Венесуэлада оппозиция мен билікті жақтаушылар 23 қаңтар күні митинг ұйымдастырып,  ел мен аймақ тұрғысынан маңызды оқиғаларға жол ашқан болатын.

Ұлттық мәжілістің төрағасы Хуан Гуайдо митингте өзін «уақытша мемлекет басшысы» деп жариялап, Америка Құрама Штаттары бастаған Австралия,  Канада,  Колумбия,  Перу,  Эквадор, Парагвай, Бразилия,  Чили, Панама, Аргентина, Коста Рика және Гватемала секілді елдер оны мойындаған еді.  

Мексика, Түркия, Ресей, Куба,  Қытай және Боливия болса Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметіне қолдау көрсетті.  Мадуро да Америка Құрама Штаттарымен барлық байланысты үзгенін жариялаған  болатын.

        

 



Ұқсас жаңалықтар