Ирак мәжілісі АҚШ-ты елден шығару үшін заң шығармақ

Иракта Мәжіліс бірінші орынбасары Хасан әл-Кааби АҚШ-ты елден шығару үшін Мәжілістен заң шығаратындарын атап көрсетті.

1138078
Ирак мәжілісі АҚШ-ты елден шығару үшін заң шығармақ

Иракта шиіт басшы Муктеда эс-Садрға қарасты Сайрун коалициясы мүшесі және Мәжіліс бірінші орынбасары Хасан әл-Кааби АҚШ-ты елден шығару үшін Мәжілістен заң шығаратындарын атап көрсетті.

Хасан әл-Кааби жасаған жазбаша мәлімдемеде АҚШ президенті Дональд Трамптың «Ирактағы әскери базаны бақылауда тұту себептерінің бірі Иранды аңдыу. Иранды сәл қадағалағымыз келеді, өйткені Иран маңызды бір мәселе» деген мәлімдемесін айыптады.

«Трамп Айн-үл Асад әсери базасына жасаған сапары сияқты тағы бір рет Ирак мемлекетінің заңдары мен атазаңын бұзды» деп көзқарасын білдірген Кааби «Қазір тағы басқа бір провокациялық ұстаныммен ортаға шығып, ‘күштерінің көрші елге шабуыл үшін Иракта қалатынын’ атап көрсетті. Ирактағы АҚШ болмысын тоқтату үшін баршаға шақыру тастаймыз» деді.

Кааби Ирактың бас бір елге шабуыл аймағы болуды қабылдамайтынын атап, «АҚШ әскерлері мен кеңесшілерінің елден шығару және АҚШ пен қауіпсіздік келісімін жою үшін Мәжілістен заң шығарамыз» деді.

Шиіт күштері Асайиб Эхлилхак ұйымы депутаты Хасан Сари болса Трампқа «Ирак әкеңіздің фермасы емес» деп жауап қайтарып, «Ешбір шетелдік күштің жерімізге қоныстануына рұқсат бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар