"Мені өлтіру үшін бұйрық берді"

Николас Мадуро еліндегі саяси дағдарысқа байланысты Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трампты кінәлады.

1135853
"Мені өлтіру үшін бұйрық берді"

Венесуэла президенті Николас Мадуро еліндегі саяси дағдарысқа байланысты Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трампты кінәлады.

Мадуро өзін өлтіру үшін Трамптың Колумбия үкіметі мен мафиозияға бұйрық бергенін айтты.

Венесуэлада оппозиция мен билікті жақтаушылар 23 қаңтар күні митинг ұйымдастырып,  ел мен аймақ тұрғысынан маңызды оқиғаларға жол ашқан болатын.

Ұлттық мәжілістің төрағасы Хуан Гуайдо митингте өзін «уақытша мемлекет басшысы» деп жариялап, Америка Құрама Штаттары бастаған Австралия,  Канада,  Колумбия,  Перу,  Эквадор, Парагвай, Бразилия,  Чили, Панама, Аргентина, Коста Рика және Гватемала секілді елдер оны мойындаған еді.

Мексика, Түркия, Ресей, Куба,  Қытай және Боливия болса Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметіне қолдау көрсетті.  Мадуро да Америка Құрама Штаттарымен барлық байланысты үзгенін жариялаған  болатын.



Ұқсас жаңалықтар