Ит қыдыртуға тыйым салынды

Қоғамдық жерлерде ит қыдыртуға тыйым салынды.

1135158
Ит қыдыртуға тыйым салынды

Иранның бас қаласы Тегеранда ит қыдыртуға тыйым салынды.  Тегеран Полиция директоры Хүсейін Рахими қоғамдық жерлерде ит қыдыртуға тыйым салынғанын білдірді.

Иран ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған Тегеран Полиция директоры «Қоғамдық жерлерде ит қыдыртқандарға айыппұл салынады» деді.

Қоғамға ашық саябақ және бақша секілді жерлерде ит жүруі адамдарды үрейлендіргеніне тілге тиек еткен Рахими автомобильде де ит алып жүруге тыйым салынғанын айтты.


Этикеттер: #Иран , #Тегеран , #ит , #саябақ

Ұқсас жаңалықтар