Макрон Мадуроның қарсыластарын жақтады

Франция президенті Венесуэла президенті Николас Мадуроны сынап, қарсыластарын жақтады.

1132442
Макрон Мадуроның қарсыластарын жақтады

Франция президенті Эммануэль Макрон Венесуэла президенті Николас Мадуроны сынап, қарсыластарын жақтады.

Макрон әлеуметтік желіде: «2018 жылдың мамыр айында Николас Мадуро заңсыз түрде сайланғаннан кейін Еуропа демократияның қайта құрылуын қолдайды.  Еркіндіктері үшін көшеге шыққан мыңдаған венесуэлалықтардың батылдықтарына жалынды сәлем» деп жазды.

Венесуэла Ұлттық мәжіліс басшысы Хуан Гуайдо елдің бас қаласы Каракастағы үкіметке қарсы шерулерде қолдаушыларына: «Биліктің басып алынуын доғару,  уақытша үкімет құру және еркін сайлау ұйымдастыру үшін ресми түрде Венесуэлаға жауапты мемлекет басшылығы міндетін атқаруға ант ішемін» деген еді.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп та жазбаша мәлімдеме жариялар,  Гуайдоны Венесуэланың уақытша мемлекет басшысы ретінде танығанын хабарлаған еді.

Венесуэла президенті Мадуро болса «Трамп Гуайдоны таныған соң АҚШ-пен барлық байланыстарын үзгенін және АҚШ-тың елде заңды үкіметке қарсы төңкеріс ұйымдастырғанын» білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар