Помпео Давос саммитіне видео конференция арқылы қатысты

Майк Помпео террор ұйымы ДАИШ-ті Сирия және Иракта жеңіліске ұшыратқандарын айтты.

1131194
Помпео Давос саммитіне видео конференция арқылы қатысты

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео террор ұйымы ДАИШ-ті Сирия және Иракта жеңіліске ұшыратқандарын айтты.

Помпео Швейцарияда ұйымдастырылған Давос саммитіне делегация жібере алмағандықтан 49-ші Бүкіләлемдік Экономикалық форумның арнайы сессиясына видео конференция арқылы қатысты.

Видео конференциясында Орташығыста соңғы күндерде жасаған сапарымен байланысты мағлұмат берген Помпео коалиция елдерімен бірге Сирия және Иракта ДАИШ-ті жеңгенін білдірді.

Помпео «Жасалатын көптеген жұмыстар бар. Сіздердің қолдауларыңызбен табысқа қол жеткізе алатынымызды білемін» деген сөздер қолданды.

Йеменде жалғасқан ішкі соғыстың биыл аяқталып аяқталмайтыны жөніндегі бір сұраққа орай Помпео «Йемен тақырыбында ілгерілейтінімізге кәміл сенемін» деді.

Помпео кейбір Шығанақ елдері және Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірге Йеменде бір шешім табатынына сенгенін атап өтті.

30 қаңтарда Вашингтонға келетін Қытай делегациясымен өткізілетін кездесулерден болымды нәтиже шығуын күткендерін баяндаған Помпео келесі ай аяғында Солтүстік Кореямен өткізілетін келіссөздерде тіпті жақсы ілгерілеу болатынын күткенін атап өтті.  



Ұқсас жаңалықтар