Мексикада құбыр желісіндегі жарылыста қаза тапқандар саны 93-ке ұласты

Денсаулық сақтау министрі Хидалго штатындағы мұнай құбыр желісінде болған жарылыстың салдарынан қаза тапқан адам санының артқанын білдірді.

1131443
Мексикада құбыр желісіндегі жарылыста қаза тапқандар саны 93-ке ұласты

Мексиканың Хидалго штатында апта соңы құбыр желісіндегі тесіктен тараған мұнайдың өртенуі нәтижесінде болған жарылыста қаза тапқандар саны 93-ке ұласты.

Денсаулық сақтау министрі Жорге Алкокер бас қала Мексиконың 100 шақырым солтүстігіндегі Tlahuelilpan ауданы маңында сенбі күні болған жарылыста заңсыз түрде тесілгені анықталған құбыр желісінен тараған жанармайды қаптарға толтыру үшін жиналған азаматтардың 93-нің қаза тапқанын, жаралы 46 адамның емдерінің ауруханада жалғасқанын білдірді.

Ауыр жарақат алған 2 адамның АҚШ-тың Техас штатында Галвестон қалалық ауруханасына апарылғаны атап көрсетілді.

Үкімет жасалған мәлімдемеге қарағанда 2018 жылы мұнай құбыр желілері үстіне заңсыз түрде жалпы 14 мың 894 су тартқыш (құбыр) орнатылғанын және осылардың 2 мың 121 данасының Хидалгода екенін атап көрсеткен болатын.

2018 жылы 1 желтоқсан күні ант ішіп міндетін бастаған жаңа президент Обрадор мемлекетке тиесілі құбыр желілері және жанармай қоймаларындағы ұрлаумен күресуге уәде берген болатын.

Елде мемлекетке тиесілі құбыр желілері мен жанармай қоймаларынан ұрланған жанармай шығынының 3 миллиард долларға ұласқаны болжалады.



Ұқсас жаңалықтар