Триполиде бітім жасалды

Келісімнің бастау күні жөнінде мәлімет берілмеді.

1130461
Триполиде бітім жасалды

Ливияның бас қаласы Триполиде сәрсенбі күнінен бергі қақтығыстардың доғарылуы үшін бітім жасалды.

Триполидегі бір қонақүйде өткен баспасөз брифингінде бас қаладағы және Терхуне қаласындағы тайпа басшылары мен маңызды тұлғалардың келісімге келгені хабарланды.

Тараптар арасында қол қойылған келісім қарулы топтардың өздері тұрған жерден 15 км кері шегінуі,  өзара тұтқын алмастыру және жаназаларды тапсыры,  жолдардың ашылуы, жолдағы кедергілердің алып тасталуы, ауыр қарулардың штабтардағы орнына қойылуын көздеуде.

Келісімнің бастау күні жөнінде мәлімет берілмеді.

Триполиде 4 айлық бітімді доғарған қақтығыстар сәрсенбі күні қайта басталған болатын.  Қақтығыста 15 адам қаза тауып, 47 адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар