Афринде екі бөлек бомбалы шабуыл жасалды

Африндегі бомбалы шабуылдарда 2 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды.

1129348
Афринде екі бөлек бомбалы шабуыл жасалды

Афринде YPG/PKK террор ұйымы тарапынан жасалғаны алға тартылған екі бөлек бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды.

Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясының Зәйтүн бұтағы операциясы басталған күннің жылдығында террористтер Афринге бомбалы шабуыл жасады.

Алғашқы шабуылда бір жолаушы автобусына орналастырылған бомба көлік аудан орталығынан өткен кезде Кава тоғысында жарылды.

Жарылыста автобустағы 2 жазықсыз адам қаза тапты, 8 жолаушы жарақат алды.

Аудан орталығындағы бір даңғылда тұрған қоқыс контейнеріне орналастырылған бомбаның жарылуымен екінші шабуыл жасалды.

Жарылыста адам шығыны немесе жараланған болмады.



Ұқсас жаңалықтар