Форд YPG-нің PKK-ның жалғасы екенін айтты

Роберт Форд YPG-нің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жалғасы екенін білдірді.

1128450
Форд YPG-нің PKK-ның жалғасы екенін айтты

Форд YPG-нің PKK-ның жалғасы екенін айтты.

 Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Дамасктағы өкілетті және төтенше елшісі Роберт Форд YPG-нің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жалғасы екенін білдірді.

Орталығы Вашингтонда болған ой-пікір ұйымы  Woodrow Wilson Center (WWC) тарапынан ұйымдастырылған «АҚШ-тың Сириядан кетуі дұрыс па? Әлде қата ма?» атты тақырыбындағы конференцияға АҚШ-тың бұрынғы Дамасктағы өкілетті және төтенше елшісі Роберт Форд да қатысты.

Баяндамасында YPG/PKK-ның Сирияда террор ұйымы ДАИШ-пен тек ғана өз мүдделері үшін күрескенін мәлімдеген Форд «АҚШ-тың Сириядан кетуінің сириялық күрдтерге жасалған опасыздық деп ойламаймын» деді.

YPG-нің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен байланысының айқын екенін түсіндірген Форд аймақта күрдтер мен арабтар арасында көптеген проблеманың бар екенін, YPG-нің болуының мәселелерді азайтпағанын және ДАИШ-тің осы жағдайдан пайдаланғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар