Талибан Белх аймағына шабуыл жасады

Ауғанстандағы Талибан шабуылында 2 қорғаушы қаза тапты.

1127282
Талибан Белх аймағына шабуыл жасады

Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх уәлаятының Чемтал ауданындағы қорғаушылар қауіпсіздік үйіне Талибан күштері тарапынан ұйымдастырылған шабуылда екі қорғаушы қаза тапты.

Белх Қоғам қауіпсіздік басқармасының басшысы Мұхаммед Акрем Саме Талибан мүшелерінің Чемтал айданының Бангала аймағындағы қорғаушылардың қауіпсіздік үйіне шабуыл жасағанын хабарлады.

Шабуылда екі қорғаушы қаза тапқанын білдірген Саме 5 қорғаушының да жарақат алғанын айтты.

Аймақ тұрғыны Мұхаммет Екрем болса шабуылда 10 қорғаушының қаза тапқанын білдірді.

Талибан тарапынан жасалған мәлімдемеде шабуылда 9 қорғаушының өлгені алға тартылды.  

 



Ұқсас жаңалықтар