Суданда қаза тапқандар саны үшке ұласты

Судандағы ереуілдерде қаза тапқандар саны үшке ұласты.

1122998
Суданда қаза тапқандар саны үшке ұласты

Судандағы ереуілдерде қаза тапқандар саны үшке ұласты.

Суданның астанасы Хартумның батысындағы Омдурман қаласында ұйымдастырылған ереуілдерде қаза тапқандар саны үшке ұласты.

Судан хабар агенттігі SUNA-ның хабарына қарағанда Омдурман қаласында кеше заңсыз ереуілдер ұйымдастырылды. Ереуілдерге полиция килігіп, көз жасаурататын пластикалық оқтар қолданды. Хабарда ереуілдерде 3 адамның қаза тапқаны, кейбір адамдардың жарақат алғаны білдірілді.

Судан президенті Өмер әл-Бешир биліктен кетулерін талап еткендерге «Әкімшілікке келу үшін 2020 жылындағы сайлауға дайындалыңдар» деген сөздер қолданды.

Үкімет ереуілдерде 19 адамның қаза тапқанын және 406 адамның жарақат алғанын мәлімдесе, оппозициялар бұл санақтың тіпті көп екенін алға тартуда.


Этикеттер: #Судан , #ереуіл , #полиция

Ұқсас жаңалықтар