Солтүстік Корея басшысы Қытайда

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен-Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен екінші саммит өткізу үшін талпынатынын атап көрсетті.

1122915
Солтүстік Корея басшысы Қытайда

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елінің халықаралық қоғам тарапынан жақсы қарсы алынатын табыстарға қол жеткізу үшін АҚШ президенті Дональд Трамппен екінші саммит үшін талпынатынын атап көрсетті.

Қытай орталық теледидары (CCTV), Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің Солтүстік Корея басшысы Ким Чен-Ынмен 8 қаңтар күні Пекиндегі Үлкен халық залында бас қосқанын білдірді.

Делегация аралық келіссөздерде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын «Солтүстік Корея ядролық қаруды тазалау ұстанымы мен Корея түбегі мәселесін келіссөз арқылы шешуге бағыныштылық білдіреді. Халықаралық қоғам тарапынан жақсы қарсы алынатын табыстарға қол жеткізу үшін АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының екінші саммиті үшін талпынысымыз жалғасады» деді.

Ким сондай-ақ тиісті тараптардың Солтүстік Кореяның орынды уайымдарына болымды жауап қайтаруын және Кореяның мәселесінде «ауқымды түрде шешім» табуды ынталандыруын күткендерін білдірді.

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин болса Корея түбегінде қазіргі жағдайда бейбітшілік келіссөздері мен әсіресе ауқымының нақтыланғанын атап, «Саяси шешім Корея үшін сирек кездесетін тарихи бір мүмкіншілік» деді.

Ким Чен-Ын мен Трамп маусым айында Сингапурда бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар