Иранда АҚШ азаматы бұрынғы әскердің тұтқындалғанын растады

Иран АҚШ әскери теңіз флоты бұрынғы қызметкері Майкл Вайттың тұтқындалғанын растады.

1122941
Иранда АҚШ азаматы бұрынғы әскердің тұтқындалғанын растады

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Бехрам Касыми АҚШ әскери теңіз флоты бұрынғы мүшесі Майкл Вайттың Мешхед қаласында тұтқындалғанын растады.

Касыми Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет парақшасында орын алған жазбаша мәлімдемеде Майкл Вайттың қысқа уақыт бұрын елдің шығысындағы Хорасани Резеви уәлаятының орталығы Мешхед қаласында тұтқындалғанын және мұның Астана Тегерандағы ‘АҚШ мүдделерін қорғау офисіне' хабарланғанын білдірді.

Касыми Вайтқа түрмеде психологиялық жәбірлеу жасалғаны жөніндегі қауесеттерді теріске шығарды.

Вайттың қылмыстық іс актінің сот мекемесі тарапынан тексерілгенін атап көрсеткен Касыми процес аяқталған соң жауапты мекемелердің тиісті мәлімдемені жасайтынын атап көрсетті.

АҚШ-тың «The New York Times» (NYT) газеті кеше АҚШ флотының бұрынғы қызметкері 46 жасар Майкл Вайттың 2018 жылы шілде айынан бері Иранда қамауда екенін жазған болатын.

Газет бұрынғы әскердің жанұясына сілтеген хабарында калифорниялық Вайттың ирандық қыз досын көру үшін барған осы елде тұтқындалғаны білдірілді.

Шешісі Жуанна Вайт баласының 2018 жылы 27 шілде күні Дубай арқылы АҚШ-қа оралуға билеті болғанын, бірақ осы рейске мінбегенін осы себепті жоғалғанын хабарлағандарын атап айтқан болатын.

Иранда қазір Вайттан басқа кем дегенде 3 АҚШ азаматы жылдардан бері түрмеде отыр.



Ұқсас жаңалықтар